Жарияланған карантинге қарамастан режимді бұзушылар азаяр емес

Сотта құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, жасаған әрекеттеріне өкінетіндерін білдірген.
Сот қаулыларымен оларкінәлі деп танылып, әр қайсысына 27780 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Айта кету керек, төтенше жағдай режимі енгізілгелі бері аудандық сотта ӘҚБтК-нің 476-бабымен (Төтенше жағдай режимiн бұзу) 34 әкімшілік іс қаралып, 14 адамға әкімшілік айыппұл жазасы, 16 адамға әкімшілік қамаққа алу жазасы, 4 адамға ескерту жазасы қолданылған.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі