Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Төтенше жағдай режимін бұзған жеке кәсіпкерге айыппұл салынды

Төтенше жағдай режимін бұзған жеке кәсіпкерге айыппұл салынды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасында көзделген құқық бұзушылықты жасаған жеке кәсіпкер С-ның әкімшілік ісі қаралды.Сотта анықталғандай, кәсіпкер төтенше жағдайдың жариялануына байланысты көлік жуу қызметін жүзеге асыруға тыйым салынғанына қарамастан, орталықтың жұмыс істеуіне жол беріп, төтенше жағдай кезіндегі мемлекеттік орган белгілеген режимді бұзған.
Сот қаулысымен С. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, оған 26 510 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сот қаулысы заңды күшіне енбеген.
Арал аудандық сотының  
баспасөз қызметі.
09 сәуір 2020 ж. 574 0