Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңсыз балық тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

Заңсыз балық тасымалдағаны үшін айыппұл салынды

Арал аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен азамат И-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, құқық бұзушы И. 13 қаңтар 2020 жылы жалпы салмағы 104 кг болатын балықтарды өткізуге рұқсат беретін белгіленген нысандағы рұқсат құжатынсыз заңсыз тасымалдаған.
Сот отырысында құқық бұзушының кінәсі, іс құжаттарымен және оның кінәсін мойындаған жауабымен дәлелденген.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 18 557 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, құқық бұзушыдан алынған балықтар мемлекет пайдасына тәркіленді.
Арал аудандық сотының
баспасөз қызметі
30 қаңтар 2020 ж. 700 0