Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде 2022 жылы студенттерге арналған гранттар саны көбейеді

Елімізде 2022 жылы студенттерге арналған гранттар саны көбейеді

2022 жылы ЖОО-да оқу гранттарының саны тағы 5 мыңға артады. ҚР білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі осылайша гранттардың жалпы саны 61 мыңға дейін жететінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылы кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 5 мыңға – 51 мыңнан 56 мың грантқа дейін ұлғайтылды. Жаңа гранттар студенттер арасында сұранысқа ие және өзекті мамандықтарға бөлінетін болады. 
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жоғары білімнің қолжетімділігін арттыру үшін 2025 жылға дейін білім беру гранттарының саны кезең-кезеңімен тағы 15 мыңға артады. Сондай-ақ білім беру гранттарын бөлу кезінде азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар беру көзделген.
“Президенттің қолдауының арқасында қазақстандық мектептердің түлектері мемлекеттік бюджет есебінен оқуға мүмкіндік алады. Мысалы, өткен жылы біз 75 мыңнан астам өтінім алдық. Оның ішінде 56 мыңнан астам талапкер грантқа ие болды. Биыл гранттар саны 61 мыңға жетеді. Президенттің тапсырмасы бойынша біз халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар үшін квоталар санын ұлғайттық. Яғни, көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай – ақ ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған талапкерлерге грант алу үшін әлдеқайда көп мүмкіндіктер қарастырылады",-деп хабарлады Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.
20 қаңтар 2022 ж. 667 0