Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Президенті наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

ҚР Президенті наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялайды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айының ортасында ел халқына Үндеу жолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook» парақшасында мәлімдеді.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтар күні өткен Мәжіліс отырысында азаматтық қоғаммен және сарапшылармен арадағы диалог негізінде саяси реформалардың жаңа топтамасы әзірленеді деп мәлімдеген болатын. Осыған байланысты Мемлекет басшысы наурыз айының ортасында халыққа Үндеу жариялауды жоспарлап отыр. Бұл Үндеуде реформалардың негізгі бағыттары мен қоғамды саяси трансформациялауға бағытталған аса маңызды шаралар айқындалады», – деп жазды Берік Уәли.

kyzylorda-news.kz​​​
08 ақпан 2022 ж. 453 0