Мемлекет басшысы Бейжіңдегі Қысқы Олимпиаданың ашылуына қатысады
Қасым-Жомарт Тоқаев XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли «Facebook»-тегі парақшасында хабарлады.
«Ақпанның 4-5 күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысу үшін Бейжің қаласына жұмыс сапарымен барады. Сонымен қатар сапар барысында Қазақстан Президенті мен Қытай Төрағасы екіжақты келіссөз жүргізеді деп жоспарланған», – деп жазды Берік Уәли.
kyzylorda-news.kz