Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барды

Бұл жайында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында мәлім етті.
«Сапар барысында Президент иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытқа барып, вакцина әзірлеу барысымен танысады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандарды аралап, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың аймақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есебін тыңдайды» деп жазады Берік Уәли.