Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жиын барысында еліміздің былтырғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспары қарастырылады.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы 2022 жылдың 11 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде аталған іс-қимыл жоспарын әзірлеуді тапсырған болатын.
«Премьер-Министрге үш аптаның ішінде Үкіметтің 2022 жылға арналған іс-қимыл жоспарын дайындауды тапсырамын.Оны ақпан айының басында өтетін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қараймыз», деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев.