Ертең Мемлекет басшысы министрлер мен әкімдерді жинайды

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те жазды.
«Ертең, яғни 26 қаңтарда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ», – деді ол.
Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.
kyzylorda-news.kz