Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан дамуында ілгерілеу бар

Аудан дамуында ілгерілеу бар

Ауданның қай саласы да өткен жылды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша жақсы нәтижелермен қорытындылады. Ал биылғы 2022 жылдың 6 айлығында өте жақсы нәтижелерге жетті. Біз барлығымыздың бірлесіп қолған алған жұмыстарымыздың нәтижесі болмақ.
Ең алдымен ауданда демографиялық көрсеткіштер жақсарып, халық саны жылдан жылға өсім алуда. Айталық, 2022 жылдың 1 маусымына ағымдағы есеп бойынша аудан халқының жалпы саны 82077 адамды құрады. Яғни, осы жылдың 1 маусымына былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,2 %-ды құрап, 1001 адамға өсіп отыр. Бұл көрсеткіш облыс аудандары арасында халық саны жөнінен Жаңақорған, Шиелі аудандарынан кейінгі үшінші нәтиже болып саналады. Халық санының өсуі негізінен туу көрсеткішінің жақсарып, биылғы жылдың бес айында 807 баланың дүниеге келуінен болып отыр.
2021 жылы өнеркәсіп өндірісі өнімінің көлемі 17,4 млрд. теңгеден асып, 100,4 пайызды құраса, осы жылдың алты айында 11,1 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 131,8 пайызға артығымен орындалды. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі бойынша 7,7 млрд. теңгенің өнімдері өндіріліп, 142,7 пайызды құрап, аудандар арасында бірінші орынды иеленіп отырмыз.
Барлығы алты айда: 141818 тонна йодталған ас тұзы, 2210 тонна балық өнімдері және 40 тн сүт, 156 тн ет, 652 тн нан өнімдері өндірілді. Өнеркәсіп өнімдерінің көлемі негізінен «Аралтұз» АҚ-на және «Қамқор локомотив» ЖШС-нің үлесіне тиесілі.
Ауданда ауыл шаруашылығының барлық санаттары бойынша 2022 жылдың 1 шілдесіне 61119 бас мүйізді ірі қара, 104406 бас қойлар мен ешкілер, 45148 бас жылқылар мен 35518 бас түйелер бар. Қой малынан басқа, мал бастары жылдан-жылға өсіп келеді. Облыстың барлық малына шаққандағы аудан малдарының үлес салмағы: мүйізді ірі қара – 14,5%, қой мен ешкілер 11,7%, жылқылар – 21,4%, түйелер – 57,6% құрайды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция былтырғы 2021 жылы 15,5 млрд. теңге, 94,2 пайыз орындалып, құрылыс жұмыстары 5,7 млрд. теңге, 105,7 пайызға өскен. Биылғы жылдың алты айында 3,7 млрд. теңгенің инвестициясы игеріліп, өткен жылғы салыстырмалы кезеңнен 111,5 пайызға артық орындалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,3 млрд. теңгені құрап, 106,4 пайызға өскен.
Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2021 жылы 27515 шаршы метрге жетіп, 111,0 пайызға артығынан орындалды. Осы жылдың алты айында 13431 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Өткен жылдың осы уақытысымен салыстырғанда 102,3 пайызға орындалды.
2022 жылдың қаңтар-маусым айларында бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 3033,1 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,3 пайызға өсті. Тауар айналымы жалпы көлемінің негізгі пайызын саудамен айналысатын кәсіпорындар мен қызметін негізінен тұрақты сауда орындарында  жүзеге асыратын кәсіпкерлер құрайды.
Меншік нысандары бойынша тіркелген заңды тұлғалар саны 2022 жылдың 1 шілдесіне барлығы-491, оның ішінде мемлекеттік-169, жеке-322.
Яғни, ауданымыздың өткен жылғы және осы жылдың алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму сипаттары өрлеуге қадам басқандығымызды айқындай түседі. Бұл сіз бен біздің Жаңа Қазақстан құру жолындағы алғашқы еңбегіміз бен ұмтылысымыздың айқын көрінісі болмақ. Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші бұдан да жоғары көрсеткіштерге ие болады деген сенімдеміз.
Е. ҚАПАНОВ,
аудандық статистика бөлімінің басшысы
27 шілде 2022 ж. 618 0