Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкіметте Ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Үкіметте Ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды

Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұлттық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан және басқа тапсырмаларынан туындайтын жаңа шараларды ескере отырып, Премьер-Министрдің қолданыстағы ұлттық жобалардан көрсеткіштер мен іс-шараларды көшірумен мемлекеттік органдардың салалық тұжырымдамалары мен даму жоспарларын нақтылау жөніндегі тапсырмаларын орындау барысы зерделенді.

Отырыс қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар тиісті тапсырма берді, соның ішінде Премьер-Министр алға қойған міндеттердің орындалуын жеделдетуді тапсырды.
22 желтоқсан 2022 ж. 196 0