Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аманөткелде сайлау жоғары деңгейде өтуде

Аманөткелде сайлау жоғары деңгейде өтуде

Мен бүгінгі саяси додада Арал ауданы, Аманөткел ауылында орналасқан №20 сайлау учаскесінде байқаушы болып отырмын. Мұнда сайлау тыныш әрі бірқалыпты деңгейде өтуде. Дауыс берушілерге мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында әсем әуен ойнап, мерекеге орай ұлттық ас мәзірінен дастархан жайылған. Және арнайы сыйлықтар дайындалған. Алғаш болып дауыс берген, жүзінші дауыс берушіге сый сияпат жасалуда.Халықтың сайлауға келу қарқыны жоғары. Бәрі ерікті түрде өз таңдауын жасап жатыр. Таңертеңнен бастап сағат 16. 44 дейін ауыл халқының 528- сі өз таңдауларын жасады. Бұл күн еліміз үшін аса жауапты сәт екендігін естен шығармаған жөн. Сондықтан еліміздегі әрбір азамат өз таңдауын жасауы керек.
 Нұрсұлтан Алдамұратов 
19 наурыз 2023 ж. 211 0