Әскери қызметшілерге арналған 300-ден астам бос орны жұмыс орны қарастырылды

- БҚО шекара қызметінде еңбек етемін деуші жастар ең алдымен үш жылға келісімшартқа отырады. Содан кейін ұзақ мерзімге екі жақты келісім бойынша өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік қарастырылған. Мұнда әскери қызметкерлер үшін жалақыдан бөлек, қосымша төлемдер беріледі. Мәселен, әскери қызметкерлер келісім шартқа отырған сәттен бастап оларға арнайы есепшот ашылып, тұрғын үй үшін қаржы бөлінеді. Ал қызметкердің отбасылары жалдамалы пәтерде тұрған жағдайда пәтер төлемін шекара қызметі толықтай өз мойнына алады. Одан бөлек, жас отбасылардың балалары үшін мектеп пен балабақшаға баруын қамтамасыз ететін боламыз. Әскери қызметкерлердің жұмысқа деген ынтасын ояту мақсатында түнгі кезекшілікке шыққан әрбір азаматтың жалақысына қосымша төлемдер төленеді. Алдағы уақытта әскери бөлімше жанынан әскери қызметкерлерге арналған 60 пәтерлік тұрғын үй салу жоспарлануда, - деді Қожахмет Нұрғалиұлы.
- Әскери қызметке орналасқан азаматтар ай сайынғы ақшалай төлемақымен, еңбек демалысымен, киім-кешекпен, тегін медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте әскери қызметке баруға ниетті азаматтар ҚР Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өткен және психологиялық тұрғыда мықты, кәсіби білімі бар азамат болуы міндетті, - деді БҚО бойынша департаментінің кадрлар бөлімінің жауапты орындаушысы Ерлан Тажиев.
Өңірлік коммуникациялар қызметі