Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары болды

Тамара Дүйсенова Премьер-министрдің орынбасары болды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Тоқаев Алтай Көлгіновті Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатқаны белгілі болды.

Фото: opennews.kz
08 маусым 2023 ж. 231 0