Қазақстанда мерекелердің жаңа тізімі бекітілді

"Қазақстан Республикасындағы мереке күндерiнiң тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесі осы қаулыға сәйкес жазылсын", – делінген үкімет қаулысында.
Қосымшаға сәйкес жаңа тізімде 19 мереке бар:
1. Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылған күні – 15 ақпан;
2. Алғыс айту күні – 1 наурыз;
3. Аналар күні – мамырдың екінші жексенбісі;
4. Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні – 31 мамыр;
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні – 4 маусым;
6. Әкелер күні – маусымның үшінші жексенбісі;
7. Ұлттық домбыра күні – шілденің бірінші жексенбісі;
8. Абай күні – 10 тамыз;
9. Спорт күні – тамыз айының үшінші жексенбісі;
10. Семей ядролық сынақ полигонының жабылатын күні – 29 тамыз;
11. Білім күні – 1 қыркүйек;
12. Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
13. Қазақстан халқының тілдері күні – 5 қыркүйек;
14. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
15. Қарттар күні – 1 қазан;
16. Нан күні – 16 қазан;
17. Энергияны үнемдеу күні – 11 қараша;
18. Ұлттық валюта күні – теңге – 15 қараша;
19. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні – 1 желтоқсан,
Фото: egemen.kz