Қазақстандық мерекелердің толық тізімі
Қарттар күні, Семей полигоны жабылған күн және Ауғанстаннан әскерлерді шығару күні бекітілді. Құжат бойынша, мейрам күндерінің тізбесі төменде көрсетілген тармақтармен толықтырылды. Құжатқа премьер-министр Асқар Маминнің қолы қойылған. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстандағы мерекелік күндерінің толық тізімі мынадай:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы күні - 10 қаңтар;
- Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығару күні — 15 ақпан.
- Алғыс айту күні - 1 наурыз;
- Жерге орналастыру, геодезия және картография күні - наурыздың екінші сенбісі;
- Геолог күні - сәуірдің бірінші жексенбісі;
- Ғылым қызметкерлері күні - 12 сәуір;
- Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі күні - 21 сәуір;
- Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні - 17 мамыр;
- Мәдениет және өнер қызметкерлері күні - 21 мамыр;
- Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні - 31 мамыр;
- Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні - мамырдың соңғы жексенбісі;
- Қазақстан Республикасы рәміздері күні - 4 маусым;
- Эколог күні - 5 маусым;
- Полиция күні - 23 маусым;
- Мемлекеттік қызметші күні - 23 маусым;
- Жеңіл өнеркәсіб қызметкерлері күні - маусымның екінші жексенбісі;
- Медицина қызметкері күні - маусымның үшінші жексенбісі;
- Журналистер күні - 28 маусым
- Дипломатиялық қызмет күні - 2 шілде;
- Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлері күні - 13 шілде;
- Балық шаруашылығы қызметкерлері күні - шілденің екінші жексенбісі;
- Металлург күні - шілденің үшінші жексенбісі;
- Сауда қызметкерлері күні - шілденің төртінші жексенбісі;
- Көлік қызметкерлері күні - тамыздың бірінші жексенбісі;
- Құрылысшы күні - тамыздың екінші жексенбісі;
- Шекарашы күні - 18 тамыз;
- Спорт күні - тамыздың үшінші жексенбісі;
- Шахтер күні - тамыздың соңғы жексенбісі;
- Семей ядролық сынақ полигондарының жабылған күні — 29 тамыз.
- Білім күні - 1 қыркүйек;
- Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні - қыркүйектің бірінші жексенбісі;
- Отбасы күні - қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Қазақстан халқы тілдерінің күні - қыркүйектің үшінші жексенбісі;
- Атом саласы қызметкерлерінің күні - 28 қыркүйек;
- Әділет органдары қызметкерлерінің күні - 30 қыркүйек;
- Машина құрастырушылар күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Қарттар күні — 1 қазан.
- Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күні - 6 қазан;
- Ұстаздар күні - қазанның бірінші жексенбісі;
- Құтқарушы күні - 19 қазан;
- Орман шаруашылығы қызметкері күні - қазанның үшінші жексенбісі;
- Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні - қазанның соңғы жексенбісі;
- Күзет ұйымдары қызметкерлері күні - 29 қазан;
- Сыртқы барлау күні - 5 қараша;
- Статистика күні - 8 қараша;
- Ұлттық валюта күні, Қазақстан Республикасы қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі - 15 қараша;
- Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні - қарашаның үшінші жексенбісі;
- Прокуратура күні - 6 желтоқсан;
- Энергетик күні - желтоқсанның үшінші жексенбісі.
- https://stan.kz