Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Палата отырысының күн тәртібі бекітілді

Палата отырысының күн тәртібі бекітілді

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен өткен Палата Бюросының отырысында депутаттар 14 наурыз күні болатын Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдағы бейсенбіде сенаторлар «1994 жылғы 9 тамыздағы Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасының арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды.

Бұл заң Екі елдің азаматтық, отбасылық, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шартының ережелерін жетілдіруді көздейді.

Сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң да Палата отырысының күн тәртібіне шығарылды.

Құжатта медициналық мамандықтың мәртебесін арттыру және денсаулық сақтау қызметкерлерін заңгерлік, қаржылық қорғау жөніндегі нормалар, сондай-ақ, басқа да шаралар қарастырылған.

Фото: ашық дереккөз 
11 наурыз 2024 ж. 234 0