Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сенаторлар Каспий теңізінің биоалуандығын сақтау жөніндегі заң жобасын қарайды

Сенаторлар Каспий теңізінің биоалуандығын сақтау жөніндегі заң жобасын қарайды

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 14 қазанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін бекітті, деп жазады Egemen.kz.

Соған сәйкес алдағы Палата отырысында сенаторлар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға биологиялық әртүрлілікті сақтау туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Бұл Хаттаманы ратификациялау биологиялық ресурстарды тұрақты пайдалануға, мемлекеттердің Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғаудың жедел және тиімді шараларын іске асыру бойынша көпжақты ынтымақтастығына ықпал етуге және осы бағыттағы ұлттық заңнамаларды жетілдіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Бюро отырысында бұған дейін Мәжілістен келіп түскен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат және діни қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы жұмыс үшін Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетіне берілді.
11 қазан 2021 ж. 3 182 0