Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы Каспийдің мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойды

Елбасы Каспийдің мәртебесі туралы тарихи құжатқа қол қойды

Қазақстан бес мемлекет 20 жыл бойы әзірлеген конвенция бойынша заңнама жұмысын тәмамдады
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау жөнінде заңнамаға қол қойды.

Қазақстанның мемлекет басшысы конвенцияны "Каспий теңізінің конституциясы" деп атап, құжаттың маңызы зор екенін талай рет айтқан болатын. Каспийдің мәртебесі туралы ратификацияланған заң – теңіз маңында орналасқан бес ел арасында 20 жылдан астам уақытқа созылған келіссөздердің жемісі.

Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан басшылары былтыр 12 тамызда Ақтау қаласында бесінші Каспий саммитінде аталған конвенцияға қол қойды. Каспий бойынша келіссөздер аясында бес жоғары деңгейлі кездесу өтіп, сыртқы істер министрлері жеті рет бас қосты, арнайы жұмыс топтарының 52 отырысы мен оннан астам әртүрлі форматтағы ресми және бейресми кездесу болды.

Каспий мәртебесі туралы заң ұлттық аймақтар, заң құзыреті мен суверенитетті шектеуге, жер қойнауын пайдалану, теңізде жүзу, балық аулау, теңізді зерттеу, қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық, биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану және теңіз ортасын қорғауды жүргізу тәртібіне қатысты мәселелерді қамтиды.
Заңның мәтіні он жұмыс күнінен соң қоғам назарына ұсынылады.
ru.sputniknews.kz​​​
08 ақпан 2019 ж. 1 085 0