Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БАУЫРЛАС ЕЛМЕН БАЙЫПТЫ БАЙЛАНЫС

БАУЫРЛАС ЕЛМЕН БАЙЫПТЫ БАЙЛАНЫС

Наурыз айында Астанада өткен Орталық Азия мемлекеттері басшыларының тарихи саммиті консультативтік жұмыс кездесуі тарихи оқиға ретінде бағаланды. Себебі, өңірдегі мемлекеттер жетекшілері он жылдан бері алғаш рет бас қосқан болатын. Ал, Қазақстандағы Өзбекстан жылының ашылу салтанаты да Орталық Азия елдері басшыларының алғашқы консультативтік жұмыс кездесуіне тұспа-тұс келді. «Астана Опера» театрында өткен Өзбекстанның Қазақстандағы жылының ресми түрде ашылу салтанатында Елбасы Н.Ә.Назарбаев екі ел арасында ортақ дүниетаным мен көзқарас, ортақ мәдениет пен дін бар екендігін айта келе, халықаралық және өңірлік маңызды мәселелерді шешуге қатысты ұстанымдарының да ортақ екендігін айрықша атап өтті.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Президент болған күннен бастап басты на­ зарды көршілес Орталық Азия елдеріне ау­ дарып, аталған елдердің экономикалық және мәдени интеграциясын нығайтуға бағытталған шешімдер қабылдап, бірқатар шаралар ат­ қарды. Әртүрлі себептермен 25 жыл жабық болып елген Ташкент – Душанбе әуе жолы қайтадан іске қосыла бастады. Қырғызстан мен Өзбекстан арасында жоғары деңгейдегі екіжақты үкіметаралық делегациялардың қатысуымен бірқатар кездесулердің өтуі бауырлас елдерде тұрақтылықты сақтауға ба­ ғытталған алғашқы қадам болды. Өзбекстан үкімет деңгейінде бастамалар көтеріп, көрші Ауғанстанмен қарым-қатынастарын жаңа қа­ лыпқа келтіруге талпынысы Орталық Азияда экономикалық мүмкіндіктерге мән беріле бас­ тағандығын білдіреді.
Өзбекстан Президенті мемлекет ауқы­ мында жүзеге асырған шараларға тоқталсақ, әлеуметтік, экономикалық және мәдени сала­ ларда қабылданған шешімдер іс жүзінде орындала бастаған. Атап айтқанда, банк және несие жүйесін дамытуға қатысты үкімет қарарлары қоғамға түсіндіріліп, несие пайызы төмендетіліп, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындары ашылып, зейнеткерлер үшін жеңіл­ діктер ойластырылған.
Ал, Қазақстан мен Өзбекстан қарымқатынастарында болуы ықтимал өзгерістер Орталық Азияның даму келешегі мен бағытына әсер етеді. Қос мемлекет – әлемдегі және аймақтағы жағдайлар бойынша, мүмкіндіктер мен қауіп-қатерлер турасында сындарлы пікір қалыптастырған, өз даму тәжірибесінен сабақ алған, ұлттық мақсаттарына қарай бағыт-бағдарын айқындаған салмақты елдер. Өзбекстанның демографиялық және саудаэкономикалық әлеуеті, мемлекеттілік және мәдени дәстүрлерінің сабақтастығы тұрғысын­ да мүмкіндіктері зор.
Өзбекстан – Каспий теңізіне тікелей шыға алмайтын және Қытаймен шекараласпайтын мемлекет. Сондықтан, географиялық тұрғыдан жабық Өзбекстан өз көршілерінің, әсіресе, Ресей, Қытай мен Батысқа шығу мүмкіндіктері бар Қазақстанның тасымал және транзиттік әлеуетін пайдалану мәселесіне мән беріп келеді.
Өзбекстан тарапы Қазақстанның ірі халықаралық көлікті жобаларын орындау са­ласындағы жан-жақты мүмкіндіктерін жоғары бағалайды. Қазақстан – Ташкент үшін жақын әрі тиімді нарық болумен қатар, қаржы инвес­ тициялық әлеуеті, сыртқы нарықтармен тікелей байланысы анағұрлым дамыған мем­лекет. Соңғы уақытта Қазақстан мен Өзбек­ станның тиісті министрліктері, ұлттық темір жол компаниялары арасында тығыз жұмыстар жасалды. Нәтижесінде, Ташкент өз тауарларын Еуропа нарықтарына Каспий теңізі арқылы шығару жөнінде Астанамен де келіссөздер жүргізіп отыр. Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанның ауыл шаруашылығы өнімдерін, Өзбекстан аумағына қазақстандық бидай мен ұн өнімдерін тасымалдау бойынша екіжақты жеңілдіктер мен шегерімдер жасау туралы келісілді. Сондай-ақ, Алматымен көліктік байланыстарды дамытуға айрықша көңіл бөлініп, Ташкент пен Астана арасында аптасына бірнеше мәрте жедел пойыз қатынайтын болды. Ірі қалалар арасында автобус және әуе қатынасын кеңейту жоспарлануда. Жылдар бойы жартылай жабық болып келген мем­ лекетаралық шекаралардан өту тәртібі жеңіл­ детіліп, шекаралық аймақтардың байланыс­ тары күшейе түсті. Өзбекстан тарапы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігіне байланысты туындаған жаңа мүмкіндіктерді пайдаланып, Орталық Азияның тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне төнуі мүмкін қатерлермен бірлесіп қарсы тұруға дайын екенін де білдірді. Ташкент Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Ке­ңесіне мүшелігін Орталық Азияның мәсе­лелерін (Арал, Ауғанстан, терроризм) ілге­рілету алаңы ретінде пайдалану жөніндегі бас­ тамасын қолдайды.
Ал, өткен жылы темір жол байланысы қалыптасып, шекарадан өткізу бекеттері жаңартылды. Екі елдің арасындағы сауда айналымы екі есе өсті. Қазіргі кезде Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы тауар ай­ налымы – 1,5 млрд доллар. Былтыр Астанада өткен бизнес-форум кезінде қос мемлекет арасында құны 840 млн доллар болатын келісімдерге қол қойылған. Сарапшылардың айтуынша, бұл 2020 жылға дейін екі елдің сауда әріптестігін жаңа деңгейге көтеру мақсатының уақытынан бұрын орындалатынына деген сенімді күшейтеді әрі көршілес елдерді Ор­ талық Азиядағы үдемелі дамудың драйверіне айналдырады.
Сондай-ақ, екі ел арасындағы мәдени-гу­манитарлық саладағы қатынастарды дамы­тудың маңыздылығына баса мән беріліп, қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың мұрасын насихаттап, терең зерттеу жөнінде Өзбекстан Президенті қаулысының қабыл­ дануы да туыстас елдерді рухани жағынан жа­ қындата түсері хақ.
Осылайша, «Сапарға шықсаң, жаныңдағы досың қазақ болсын» деп жақын тартатын бауырлас елмен өзара байланыс жан-жақты даму үстінде.
Лаура ӘЙТІМОВА.
07 сәуір 2018 ж. 1 082 0