Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады
2019 жылдың наурызы — мерекеге толы ай. 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мен Наурыз мерекесін атап өтуге
байланысты қазақстандықтар 14 күн демалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Халықаралық әйелдер күні жұма күнге сай келуіне байланысты, мереке үш күн — 8-10 наурыз аралығында тойланады.
Дәстүр бойынша, Қазақстанда көктемгі Наурыз мерекесі 3 күн — 21 наурыздан 23 наурызға дейін аталып өтіледі. 23 наурыз сенбіге сай келетіндіктен, демалыс күн дүйсенбіге, 25 наурызға ауысады.
Жалпы, наурызда 14 демалыс және 17 жұмыс күні бар.