“Жасыл аймақ” экологиялық акциясына Қызылорданың белсенді жастары да атсалысты

Бұдан бөлек, жастар экоакцияны қызықты әрі ерекше өткізу мақсатында тұрғындарға тіл үйірер тәтті балмұздақтар таратып, ескерткіш аумағында «Бауырсақ party» шарасын ұйымдастырды. Қала тұрғындары жастардың мұндай белсенділігіне ризашылықтарын білдіріп, өз алғыстарын жеткізді.
Көппен бірге атқарылған жұмыс көңіл қуантады. Игі шара барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студент жастары, волонтерлер және республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиалының мүшелері, Ассамблея жастары экологиялық акцияда белсенділік танытып, тазалық жұмыстарын жүргізді.
