Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Түрік инвесторымен кездесті

Аудан әкімі Түрік инвесторымен кездесті

Аудан әкімі өңір инвестициясы мен экономикасын ілгерілету бағытында Түрік елінен арнайы келген инвесторды қабылдады.
Түркиядағы «Айс Химия Инрашат» ЖШС директоры Орхан Шенер жоба бастамашылары жергілікті кәсіпкерлер ағайынды Аманжолов Жұбаныш және Аманжолов Нұрбекпен бірге аудан орталығынан «Ылғал майлықтар өндіру» цехын ашуды көздеп отыр.
Аудан басшысы аралдықтар жаңа іскерлік байланыстар орнатып, өзара тиімді қарым-қатынастарды дамытуға әрдайым ашық екенін жеткізді.
«Айдынды Арал өңіріне қош келдіңіздер! Біздің өңірге қызығушылық танытып, арнайы сапармен келгеніңіз үшін ризашылығымызды білдіремін. Аймағымызда түрік компаниялардың қатысуымен бірқатар ірі индустриялық жобалар тиімді жүзеге асырылып келеді. Сіздерге перспективалы жобаларды іске асыруда мүмкіндігінше жан-жақты қолдау көрсетеміз. Біздің өңірге келген сапарыңыз Қызылорда облысы мен Түркия елі арасындағы достық байланысты одан әрі кеңейтетініне сенімдімін», – деді, Аманжол Сақыпұлы.
Қуаттылығы күніне 42 000 дана өнім өндіретін кәсіпорын үшін қажетті құрал жабдықтарға Түркияға тапсырыс берілген. Аталған жоба жүзеге асса, Арал ауданында жаңа жұмыс орындары ашылып, салық базасын кеңейтуге мүмкіндік туады. Нысан толығымен шілде айында пайдалануға беріледі деп күтілуде Өндіріске қажетті шикізаттардың барлығы тікелей Түрік елінен тасымалданатын болады. Атап өту қажет, бұндай жоба аймағымызда алғаш рет жүзеге асырылмақ.
Өз кезегінде, инвесторлар өңірге қажетті жобаларға барынша қолдау көрсетіп, әріптестік орнатуға ниет білдірді.

Арал аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

06 мамыр 2024 ж. 304 0