Наурыз мейрамында қосымша пойыздар жолға шығады

Наурыз мерекесі кезінде қосымша жолға шығатын пойыздар:
- №202/201 Астана-1 – Павлодар бағытында, Астана-1 теміржол вокзалынан 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
- №204/203 Астана-1 – Алматы-1, Астанадан 20, 24 наурызда, ал Алматыдан 21, 25 наурызда шығады;
- №205/206 Алматы-2 – Арыс-1, Алматыдан 7, 21 наурыз, ал Арыстан 9, 23 наурыз күндері қатынайды;
- №241/242 Қызылорда – Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді;
- №49/50 Алматы-2 – Орал бағытындағы пойыздың қосымша құрамы Алматы-2-ден 13 наурыз күні шықса, Оралдан 16 наурызда кері қатынайды.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ алдағы мерекелер қарсаңында вагон паркін 100% жұмылдыруды көздеп отыр.
sputniknews.kz