Шәкіртіміз Америкада оқу мүмкіндігіне ие болды

FLEX Future Leaders Exchange (FLEX) – АҚШ Мемлекеттік департаменті басқаратын, орта мектеп оқушыларына (14-18 жас) АҚШ-та бір жыл тегін, бірге тұруға мүмкіндік беретін алмасу бағдарламасы. "FLEX" бағдарламасының негізгі мақсаты – АҚШ азаматтары мен елдер арасындағы өзара түсіністікті жақсарту, ұзақ мерзімді қарым-қатынасты дамыту және нығайту. АҚШ Мемлекеттік департаменті FLEX және басқа бағдарламалар арқылы 50-ден астам елден жоғары сынып оқушыларын оқуға шақыруды қолдайды. 1993 жылы бағдарлама басталғаннан бері, 27 000-нан астам жоғары сынып оқушылары білім алған.
Толықтай АҚШ үкіметінің тарапынан қаржыландырылатын (соның ішінде саяхат, қалталы стипендия және медициналық сақтандыру) бағдарламада финалист оқушы 1 жыл америкалық отбасымен бірге тұрып, америкалық мектепте білім алатын болады.
Үлкен тәуекелге бел буған Әлішерге сәттілік тілейміз. Үлкен додаға қосып, жан-жақты қолдау білдірген жетекшісі Бану апайға алғыс айтамыз. Жат елде жүргенде өз еліңнің құндылықтарын әрдайым биік ұстағайсың!
№220 орта мектеп фейсбук парақшасынан