Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2021-2022 оқу жылы: Қазақстан 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді

2021-2022 оқу жылы: Қазақстан 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді

Қазақстан 2021-2022 оқу жылында 12 жылдық білім жүйесіне толық көшеді. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына жауап берген бұрынғы Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. "Республикада 2016 жылдан бастап 1-8 сыныптарда "Назарбаев" зияткерлік мектептерінің тәжірибесіне сәйкес әзірленген орта білім берудің жаңартылған мазмұны енгізілді. 2019-2020 оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұнына 4, 9 және 10 сыныптар, ал 2020-2021 оқу жылында 11 сынып көшетін болады. 2021 жылы білім берудің жаңартылған мазмұны толықтай енгізілгеннен кейін 12-жылдық білім беруге кезең-кезеңімен көшу жоспарланған", - деді Шәмшидинова. 12-жылдық білім беруге көшкенде бастауыш сынып мерзімі 1 жылға (1-5 сыныптар) ұлғаяды. "12-жылдық білім жүйесін енгізу 2021-2022 оқу жылына жоспарланып отыр. Қазақстандағы  білім мен ғылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы бекітілгеннен кейін мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары мен оқу жоспарларына тиісті өзгертулер енгізіледі", - деді К.Шәмшидинова.
https://massaget.kz

17 маусым 2019 ж. 1 616 0