Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент тағы бірнеше заңға қол қойды

Президент тағы бірнеше заңға қол қойды

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», делінген Ақорда хабарламасында.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланады.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Сурет: ашық дереккөз 
09 шілде 2024 ж. 93 0