Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды

Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды

  baq.kz Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының бірқатар Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
07 мамыр 2020 ж. 720 0