Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қоқысқа толы пәтерден табылған маугли қыз сөйлей бастады

Қоқысқа толы пәтерден табылған маугли қыз сөйлей бастады

10 наурыз күні Мәскеуде қоқысқа толы пәтердің ішінен табылған 5 жасар маугли қыз сөйлей бастады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Gazeta.ru сайтына сілтеме жасап.
Бүгінде ол бірнеше сөздерді айта бастаған. Дәрігерлердің айтуынша, кішкентай қыздан қандай да бір қауіпті ауру табылмады, ол күлімдеп, айналасындағы адамдармен тілтабыса бастапты. Кішкентай қыз тұрған үйдің көршілері БАҚ-қа берген сұхбаттарында ол пәтерге анасының сирек келетіндігін айтқан болатын.
Бүлдіршін су мен кереуіттен қорқады
Анасы қараусыз тастап кеткен бес жасар бүлдіршінді 7-8 күннен кейін ауруханадан шығармақ. Бұл жайында жергілікті БАҚ-қа Балалар ауруханасының бас дәрігері айтып берді. Оның айтуынша, баланың денесі көгеріп, оған қатты жәбір көрсетілмеген, бірақ балаға дұрыс күтім жасамағаны көрініп тұр.
Кішкентай бүлдіршін өте бауырмал, күлімсіреп қалған, алғашында, тіпті, сөйлей де алмайтын еді.
«Кейбір сөздерді айтады, атын атасаң қарайды. Күлімдеп, ешкімнен де жатырқамайды», - дейді бас дәрігер Османов Исмаил. Маманның пікірінше, бүлдіршін уақытша сөйлемей қойған, оған хронологиялық стресс әсер еткен болуы мүмкін.
Дәрігер Османов өз сөзінде бүлдіршіннің кереуіттен қорқатынын айтқан еді.
«Қазір ақырындап үйреніп келеді, ол кереуітке жатып, сонда ұйықтайтын болды. Біз логопедтер мен психологтардың көмегімен баланы толыққанды қалпына келтіруге тырысамыз», - деп айтып өтті дәрігер.
www.qamshy.kz
13 наурыз 2019 ж. 1 086 0