Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал қаласында жаңа емхана салынады

Арал қаласында жаңа емхана салынады

Бүгінде Арал ауданының денсаулық сақтау саласында біршама мәселелер өз шешімін тауып, оң өзгерістер орын алуда. Ондағы басты жаңалық, аудандық аурухананың жанынан жапсаржай және Арал қаласының Шанхай мөлтек ауданынан ауысымына 250 адамды қабылдай алатын емхана салынатын болады. Қазіргі таңда нысандардың құрылысын салуға жоба сметалық құжаттары дайындалу үстінде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев айтты.
24 тамыз 2024 ж. 70 0