Алматы облысының кәсіпкерлері көпбалалы үш отбасыға үй алып берді

Кербұлақ ауданында жеке кәсіпкерлердің бастамасымен қайырымдылық іс-шарасы өтті.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында өткен бұл шара барысында Сарыөзек ауылында орналасқан "Алацем" зауытының бас директоры Станислав Щербаков, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыға үйдің кілтін табыстады.
Күтпеген жерден олжаға кенелген жалғыз басты ана Жұмағыз Медетова қатты қуанғанын жеткізді.
"2013 жылы күйеуіммен ажырасқанмын. Үш баламен пәтерденпәтерге көшіп жүргеніме бес жылдан асты. Балаларым оқиды, тапқан табысым солардың киімі мен тамағынан артылмайды. Енді міне үлкен әрі таза өзіміздің шаңырағымыз бар", - деді ол.

Сонымен қатар, Қаспан ауылының кәсіпкерлері Сламбай Тоқабаев пен Виталий Тарасенко 11 баланың анасы Гүлназ Шакенова мен әлеуметтік жағдайы төмен 3 балалы отбасыны қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етті.

kaz.nur.kz