Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары
Республикалық референдумға Қосаман ауылдық округіндегі №32 сайлау учаскесінің комиссия мүшесі Құрманбай Егізекұлы дауыс берді.-Бүгінгі науқанның халық үшін мәні зор. Сондықтан да болар дауыс беруге келушілер легі толастамай жатыр. Болашақтың негізі халықтың нақты шешіміне байланысты екенін ескерсек, алда елімізді биік белестер күтіп тұр.
Мен өз дауысымды бере отырып, болашаққа үлкен үміт артамын, - деді ол.