Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза Қазақстан-Таза аймақ» акциясы жалғасуда

«Таза Қазақстан-Таза аймақ» акциясы жалғасуда

Сырдария ауданында «Таза Қазақстан-Таза аймақ» жаппай сенбілігі өтуде. Тереңөзек кентінің тұрғындары, аудандық мекемелердің қызметкерлері, кәсіпкерлер, сондай-ақ «Жасыл ел» жастар қозғалысының мүшелері "Тағзым" алаңына, орталық саябаққа, Жастар аллеясына тазалық жұмыстарын жүргізді.
- Қалыптасқан дәстүр бойынша біздің еріктілер мұнда тазалау жұмыстарын жиі жүргізеді. Біз көшелер мен арықтарды, жақын маңдағы жеке тұрғын үйлердің аумақтарын қоқыстан тазартамыз, - дейді «Жасыл ел» және «Еріктілер тобы» жастар қозғалыстарының жетекшісі Нұржан Сейтжанов.
Сондай-ақ, Тереңөзек кентіндегі демалыс орындарында орнатылған шағын сәулет құрылыстарын, сондай-ақ көпірлер мен балалар ойын алаңдарын ақтау, сырлау жұмыстары жүргізіп, «Жастар аллеясын» абаттандырылды.
Жергілікті кәсіпкерлер бұл күні жаңартылатын «Тағзым» алаңына жаңа төсеніш төсеп, түрлі-түсті сәулеттік формалар орнатты.
Айта кету керек, облыста «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы басталғалы оған 548 299-дан астам облыс тұрғыны қатысты. 21360 тоннадан астам қоқыс шығарылып, 505 алаң мен саябақтар, 225 тарихи ескерткіштер аумақтары, 791 әлеуметтік нысан, 1130 өндірістік және кәсіпкерлік нысан, 294 су айдындары, 47451 аулалар мен көшелер тазартылды.
548 арнайы техника қолданылып, 129 358 ағаш көшеттері отырғызылды.

09 қазан 2024 ж. 96 0