Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында өз міндетін орындамаған жосықсыз ұйымдардан 40 млн теңге өндірілді

Қызылорда облысында өз міндетін орындамаған жосықсыз ұйымдардан 40 млн теңге өндірілді

Қызылорда облысының прокуратурасы өз міндетін орындамаған жосықсыз ұйымдардан 40 млн теңгеге жуық қаржы өндірді.

Прокуратура тарапынан өңір әкімдіктерімен өз міндетін орындамаған 25 әлеуетті өнім берушіден 2023 жылдан бері 40 млн теңге тұрақсыздық айыбын өндіруге шара қолданылмағанын анықтады.

Облыс әкімдігіне енгізілген ұсынудың қаралу қорытындысымен 40 млн теңге айыпты өндіру үшін сотқа талап берілді. Бұзушылыққа жол берген 16 қызметкер түрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Сондай-ақ Қызылорда облысының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүзеге асыруда.

«Өңірде «Бисенәлі» ЖК-мен наубайхана мен қоймалардың құрылысын салу инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Инвестиция көлемі 300 млн теңгені құрайды, оны іске асыру 28-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Қазалы ауданының прокуратурасы «Әйтеке би кентінің әкімдігі» инвестордың жер учаскесін пайдалану мерзімін ұзартудан негізсіз бас тартқаны анықтады. Жергілікті атқарушы орган жер пайдалану құқығын ұзарту туралы өтініш беру мерзімі аяқталды деп қате есептеген. Прокуратураның қадағалау актісінің негізінде жерді пайдалану мерзімі ұзартылды және кінәлі қызметкер тәртіптік жауаптылыққа тартылды», – деп мәлім етті облыстық прокуратурадан.

Еске салсақ, Қызылорда облысында биыл интернет-алаяқтық қылмысының 199 дерегі тіркелген.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: ашық дереккөз 
27 қазан 2024 ж. 115 0