Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » “7-20-25” бағдарламасы бойынша бастапқы жарна ұлғаюы мүмкін

“7-20-25” бағдарламасы бойынша бастапқы жарна ұлғаюы мүмкін

Ұлттық банк “7-20-25” бағдарламасы бойынша бастапқы жарнаны 20 проценттен жоғары ұлғайтуды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың айтуынша, “7-20-25” бағдарламасын алдында белгіленген шарттар негізінде қаржыландыру жалғасады.

“Бағдарламаға қатысатын банктер санын арттыру және қарыз алушылардың қалауы бойынша бастапқы жарнаны 20 проценттен жоғары ұлғайту ұсынылады”, – деді ол үкімет отырысында.

Ол банктердің 600 миллиард теңге сомасында ұзақ мерзімді өтімділігін меңгеруі экономиканың басым жобаларын уақытылы несиемен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

“Қазіргі уақытта 9 банк кредиттеу бағдарламасына қатысып жатыр. Ұлттық банк бүгін 112 миллиард 700 миллион теңгеге үш банктің облигациясын сатып алды”, – деді Досаев.

Сонымен қатар, оның айтуынша, отандық автокөлікті сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жүзеге асыру үшін банк 5 жыл ішінде 100 миллиард теңге бағыттамақ. Биыл 20 миллиард теңге бөлінеді.
www.qazbrand.info
26 наурыз 2019 ж. 1 041 0