Жолаушылар тасымалы жүйеленді
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1737700657_14.jpg)
- Облыс тұрғындарының көкейінде жүрген мәселелердің бірі темір жол өткелдерін салу болатын. Аталған мәселені шешу мақсатында 2024 жылы Қызылорда қаласында жер асты және Арал мен Жаңақорған аудандарында аспалы темір жол өткелдерінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, республикалық маңызы бар «Қызылорда-Жезқазған» күре жолы біраз жылдардан бері күрмеуі шешілмей келген, халықтың арасында біраз талқыға салынған мәселелердің бірі болды. Осы орайда аймақ басшысының тікелей қадағалауымен республикалық маңызы бар жолдың құрылысы қарқынды жүруде. Бүгінгі таңда «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-і қалалық бағытта 32 маршрутты қамтып отыр. Қызылорда қаласында «Экотакси» қызметін құру жобасы бойынша 100 дана электромобиль алынып, Қызылорда қаласының тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсетуде.
Осы жылдың және бір жаңалығы мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр Олжас Бектеновтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылу салтанаты өтті. Аталған жаңа жолаушылар терминалы «Болат Өтемұратов қоры» жеке қорының демеушілігімен салынды. Темір жол көлігі саласы бойынша айта кетсем, 2024 жылы «Қызылорда-Семей» жолаушылар пойызының жаңа вагондарының тұсаукесер рәсімі өтті. Осы бағытта 44 вагон сатып алынды, - деді Жәнібек Шәкімбайұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі