Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент: Жаһандық электронды сауда-саттық көлемінің артуы біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Президент: Жаһандық электронды сауда-саттық көлемінің артуы біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

ҚР үкіметінің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі логистика саласына баса мән беру керектігін айтты. 
Президент өз сөзінде: 
Қазақстанға озық логистика жүйесі қажет. Қазіргі халықаралық нарықтың ерекшеліктерін ескерсек, бұл стратегиялық сипатқа ие міндет саналады. Автокөлік тасымалына арналған «жасыл дәліздің» тиімді қызметін қамтамасыз ету маңызды. Бұған дейін жоспарланған жолдарды салу және жөндеу жұмысын уақтылы аяқтау керек. Біз автокөлік тасымалының әлеуетін толығымен пайдаланып отырған жоқпыз.
Заманауи технологияларды енгізбейінше, логистиканы табысты дамыту мүмкін емес. Сондықтан қоймаларды автоматтандыру, маршруттарды цифрландыру, көлік ағынын басқару ісінде жасанды интеллектіні қолдану Үкімет жұмысының басым бағыттары болуға тиіс» - деп, жасанды интеллект мүмкіндіктерін мейілінше кең қолдану керектігіне ерекше тоқталып өтті.
28 қаңтар 2025 ж. 77 0