15 инвестициялық жоба іске қосылады

Бірінші нысан – қаланың сол жағалауында орналасқан шағын өндірістік алаңдарының инженерлік-инфрақұрылымдық жүйелерін жүргізу мәселесін пысықтады. Құрылыс жұмыстары барысында туындаған мәселелердің оң шешілуіне жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді.
Әрі қарай «Панабек» серіктестігінің жиһаз өндірісі цехының құрылысына барды. Аумағы 1,5 га құрайтын өндіріс цехы автоматтандырылған заманауи үлгідегі жабдықтармен қамтылады. Сондай-ақ, дайын жиһаз өнімдерін сататын сауда орны мен сақтау қоймасы бой көтереді.

Жалпы, қалада құрылысы жүріп жатқан ірі инвестициялық жобалардың бірі – қуаттылығы 240 мегаваттық заманауи жаңа жылу орталығы. Сонымен қатар, «Қызылорда Саз М» серіктестігінің керамикалық заманауи кірпіш шығару, «Ayna Glass» серіктестігінің жоғары технологиялылық айна өндірісі және «Қызылорда-Нан» серіктестігінің нан-тоқаш кондитерлік өнімдері кешендері іске қосылады. Сондай-ақ, «Оңтүстік Корея технологиясы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және өңдеу зауыты» жобасын қолға алған «With You E&C Kyzylorda» ЖШС-і биыл өндіріс орнының құрылысын бастайды.
Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда қаласына негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 288 млрд 453 млн теңгеге жетіп, өсім 19 пайызды құрады. Өткен жылы 26,3 млрд теңгенің 7 инвестициялық жобасы іске қосылып, 175 жұмыс орны ашылды.
Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: қала әкімдігі