Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739162519_10.jpg)
Арал теңізінің құрғап, шөлге айналуы – алаңдатарлық мәселе. Экологиялық апатқа ұшыраған аймақты оңалту керек. Бұған қоса, трансшекаралық өзендердің су қорын тиімді пайдалану қажет. Ол үшін су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану керек, - деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
2024 жылдың қазанынан осы жылдың қаңтарына дейін Солтүстік Арал теңізіне 1 миллиард текше метр су жіберілді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бұл жоспарланған көлемнен 100 миллион текшее метрге артық.
Орталық Азия елдерімен қол жеткізген келісімдерінің нәтижесінде 2025 жылғы наурыз айының соңына дейін Солтүстік Аралға жіберілген судың жалпы көлемі 1,6 млрд текше метрге жетеді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Бүгінгі таңда Солтүстік Арал теңізіндегі судың жалпы көлемі - 22,1 млрд текше метр.
2022 жылдың басында 18,9 млрд текше метр болды. 2025 жылдың соңына қарай теңіздегі су көлемі 23,4 млрд текшее метрге дейін жетеді деп күтілуде.
Солтүстік Арал теңізінің ауданы да ұлғаюда. Бүгінгі таңда ол 3065 шаршы шақырымға жетті. Бұл 2022 жылдың басындағы көрсеткіштен 111 шаршы шақырымға көп.
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Солтүстік Арал теңізінің ауданы мен көлемінің ұлғаюы судың минералдануың азайтуға және балықтың 22 түрінің популяциясын қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Жыл сайынғы балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті.
"Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзені сағаларын қалпына келтіру" жобасы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда "Тәуір" қорғаныс бөгетін салу, Қарашаланкөлі мен Сырдария өзені арасындағы екі учаскедегі бөгеттер мен "Қарашалан-1" каналын және оның бас құрылысын реконструкциялау жұмысы аяқталды. Жыл соңына дейін Солтүстік Арал теңізін Үлкен Аралдан бөлетін Көкарал бөгетін қайта жаңарту жұмысын аяқтау жоспарланып отыр. Жобаны іске асыру Солтүстік Аралдың сақталуына және судың тұздылығын төмендетуге ықпал етеді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Қызылорда облысының күріш алқаптарын лазерлік жоспарлаушымен тегістеу және су үнемдеу технологияларын пайдалану шамамен 200 млн текше метр су үнемдеп, оны Солтүстік Аралға жіберуге мүмкіндік берді. 55 мың гектар күріш алқабы лазерлік жоспарлаушының көмегімен тегістелді, бұл орташа өнімділікті гектарынан 40-55 центнерден 70-80 центнерге дейін арттыруға септігін тигізді.
Су үнемдеу технологияларын енгізуді ынталандыру үшін шаруалардың инфрақұрылым жүргізу,
су үнемдеу жүйелерін сатып алу және орнату шығындарын субсидиялау мөлшері 50%-дан 80%-ға дейін ұлғайтылды.
Су үнемдеу жүйелерін пайдаланатын дихандар үшін су армалысуға субсидия мөлшері тарифке байланысты 85%-ға дейін ұлғайтылды.
Арал теңізі бассейніндегі аймақты оңалту мақсатында көгалдандыру жұмысы жалғасып жатыр. Бүгінде Үлкен Арал теңізінің тартылған аумағында
4,4 млн көшет отырғызылды.
2021-2024 жылдар аралығында 475 мың гектар жерге тұқым мен көшет отырғызылды. Биыл 428 мың гектарда көгалдандыру жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осының нәтижесінде 2025 жылдың соңына қарай Арал теңізі табанын көгалдандырудың жалпы көлемі 1,1 млн гектарға жетуі тиіс.
Айта кету керек, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастапа Халықаралық Аралды құтқару қорына төрағалық ету кезегі Қазақстан Республикасына өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылдың соңына дейін ХАҚҚ Президенті болып сайланды. Қазақстанның 2024-2026 жылдар аралығындағы төрағалығы кезеңінде ХАҚҚ Атқару комитетінің жұмыс жоспары бекітілді. Құжат 10 түрлі бағыт бойынша 40-қа жуық іс-шараны қамтиды.
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Президенттің тапсырмаларын іске асыру 2000 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Солтүстік Арал теңізінің су көлемі мен ауданының ұлғаюы судың минералдануын азайтады, бұл оның биологиялық әралуандығын сақтауға көмектеседі және Қызылорда облысының балық шаруашылығының дамуытуға ықпал етеді.
Су ресурстары және ирригация министрлігі
Су үнемдеу технологияларын енгізу және су инфрақұрылымын дамыту Солтүстік Аралға қосымша су көлемін жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өңірдің ауыл шаруашылығын дамытуға көмектеседі.
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739163252_10.jpeg)
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі