Техникалық реттеу және метрология департаменті 213 бұзушылықты анықтаған
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739190466_8.jpg)
- Тексерулер қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді. Сонымен қатар, департаментпен әкімшілік құқық бұзушылық туралы 33 әкімшілік іс қаралды. Жүргізілген тексерулер Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сай, нақты бұзушылықтар туралы әртүрлі көздерден алынған ақпараттар арқылы бармай профилактикалық бақылау тексерулері, ал басқа тексерулер құқық қорғау органдарының тапсырмасына сәйкес жүргізілген. Сондай-ақ, жыл ішінде Департаментпен бақылау сатып алу бағдарламасы аясында бюджет қаржысына 11 дана өнім үлгілері сатып алынып, сынақтар өткізу үшін аккредиттелген сынақ зертханасына жолданды. Сынақтар нәтижесінде сатып алынған бензин өнімдері техникалық регламент талаптарына сай келді, ал сатып алынған 3 түрлі мұздатқыш сұйықтықтары техникалық регламент талаптарына кристалдану көрсеткіші және таңбалау талаптары бойынша сай келмейтіні анықталып, оларды сатуға тиым салу туралы қаулы шығарылып, айналыстан алынып тасталды,- деді Бауыржан Бақытбекұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі