Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аллаға тапсырдым»: Әбдіжаппармен сұхбаттасқан журналист өз шындығын айтты

«Аллаға тапсырдым»: Әбдіжаппармен сұхбаттасқан журналист өз шындығын айтты

Арада бір күн өткеннен кейін өнер иесі ойын дұрыс жеткізе алмағанын мәлімдеп, көпшіліктен кешірім сұраған еді. Енді бұл жолы әншімен сұхбаттасқан Анна Данченко таралған ақпаратқа түк те күнәсі жоқ екенін айтып, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазба қалдырды.
Журналист «басқаға күйе жағып, жамандаудан аулақпын» деп бастады сөзі.
«Алла бәрін көріп тұр. «Жазықсыз адамды кінәлі деп айтудың өзі үлкен күнә». Мені өзге ұлт екенімді біліп, ішкі жан дүниемді түсінуге тырысқан адамдардың аз екенін түсіндім. Өзім де кеудемді ұрып, «қазақпын» демеймін. Бірақ мен Қазақ елінің қызымын.
Қазақи тәрбие көрген, қарапайым отбасында дүниеге келген Аралдың тумасымын. Көптің жазып жатқан пікірлері жаныма батты. Үндемеймін. Өзімнен үлкен кісілерге сөз қайтарып қайтем?! Менің тәрбием басқа. Әке-шешем үлкенге құрмет көрсет деп үйреткен.
Бірақ, жасамаған әрекетімді жасадың деп жала жапқандарды Аллаға тапсырдым. Досты дос деп санайтын адаммын. Достыққа адалмын, шүкір! Бір күндік xайп үшін, қасықтап жинаған абыройымды шелеткеп төккісі келетіндерге не деймін?! Бәрі уақыт еншісінде» , – деп жазған Анна Данченко.
Еске сала кетейік, көпшіліктің сынына ұшыраған Әбдіжаппар Әлқожаның әпкесі Роза Әлқожа болған іске журналисті кінәлап, Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазба қалдырған болатын.
www.qazbrand.info
02 сәуір 2019 ж. 1 881 0