Тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды

«Бюджет қаражатын тиімді игеріп, нақты бағыттарға жұмсау қажет. Мен бұған дейін де үнемі ескертіп келемін, құрылыс нысандарындағы жұмысты бақылауға алыңыздар. Мердігер мекемелермен ұдайы байланыста болып, құрылыстың басына барып тексеріңіздер. Жаңа нысан пайдалануға берілместен бұрын кемшіліктер жөнделуі керек. Бірінші әрі басты талап – сапа, сосын жұмыс мерзімінде аяқталуы тиіс. Құрылысы жүріп жатқан әр нысанның сәулеті мен келбетіне баса мән беру керек.
Алдағы мереке күндері коммуналдық қызметтер үздіксіз жұмыс істеуі қажет. Тұтынушыларға жарық, жылу, су беруде, жолаушылар тасымалында ешқандай мәселе туындамауын қадағалаңыздар.
«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасуда. Тазалық жұмыстарын күнделікті әрі уақытылы жүргізуді тапсырамын», – деді Н.Нәлібаев.
Сонымен қатар, жиында межелі көрсеткішке қол жетпеген жағдайда жауапкершілік бірінші басшылардан сұралатыны ескертілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі