Психо-эмоционалдық тұрғыда жұмысы ауыр дәрігерлерге зейнетке ерте шығу мүмкіндігі беріледі.Келесі жылдан бастап кей дәрігерлердің зейнетке шығу жасы қысқаруы мүмкін. Денсаулық сақтау министрлігі заңға осындай өзгеріс енгізбек. Ол тізімге хирургтер, акушер-гинеколог және неонатологтар кіреді. Ай-күні жетпей туған нәрестелер мен туа біткен даму кемістігі бар бөбектерге күтім жасайтын неонатолог Ирина Цубенконың жұмысы аса жауапкершілікті талап етеді. Ол өз тәжірибесінде 24 апталық шала туған, салмағы 500 грамм ғана шақалақтарды да бағып-қаққан, деп жазады ernur.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".