Ботаникалық саябаққа тал егілді

Биыл тазалық жұмыстарына 63 мыңнан астам еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысуда. Елді мекендердегі скверлер мен парктер, тарихи- мәдени ескерткіштер, әлеуметтік нысандар, өнеркәсіп және бизнес нысандары, су объектілері, көшелердің бойы тазартылып, 2 500 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Оған 600-ден астам техника жұмылдырылды. «Наурызнама» онкүндігінің 19 наурызға белгіленген Жаңару күнінде «Жасыл желек» ағаш отырғызу, көркейту, көгалдандыру акциясы ұйымдастырылды. Облыс аумағына 5920 түп тал отырғызылды.

Биыл өңірдің климатына сәйкес келетін, жерсінетін 23 530 түп қарағаш, терек және Сыр талының көшеті отырғызылды.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Облыс әкімдігі