Бу-газ қондырғысы құрылысына қатысты мәселелер талқыланды

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешевтің төрағалығымен өткен мәжілісте станция құрылысына қатысты негізгі мәселелер талқыланды.
Жиынға «Самұрық-Энерго» АҚ өкілдері, облыстық басқарма және жергілікті мекеме басшылары қатысып, бірқатар мәселе пысықталды.
Станция құрылысы үшін 250 гектар жер телімі белгіленген.
Жоба аясында «Қызылорда-Жезқазған» және «Қызылорда-Шымкент» бағытында 500 кВ жоғары қуатты электр желілері салынады.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолындағы өте маңызды жоба еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығын болдырмауға, республиканың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл мегажобаны 2028 жылдың аяғына дейін толық іске асыру көзделген.

