Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл көші-қон саласында 25 516 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Биыл көші-қон саласында 25 516 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Биыл облыс аумағына 4 167 шетел азаматы уақытша тіркеуге алынған. Оның 4 093-і ТМД елдерінен, ал қалған 74-і алыс шет елдерден келген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ПД Көші-қон басқармасы бастығының орынбасары Сағындық Қамитбеков мәлімдеді.
– Мемлекеттік маңызы зор, өзекті мәселелердің бірі – көші-қон саясаты. Жыл басынан көші-қон саласымен жалпы 25 516 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметті көрсету стандартына сәйкес, көші-қон қызметтерінің 90 пайызы электронды түрде жүргізіледі. Көші-қон процесіне талдау жүргізу және бақылау орнату, ішкі істер органдарына жүктелгендігіне байланысты облыс көлемінде үнемі жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіледі. Іс-шара барысында жыл басынан бері 432 құқық бұзушылық анықталды. Айта кету керек, өңірде тұрақты тұрып жатқан 382 шетелдік бар. ҚР азаматтығын алуға өтініш білдірген 10 азаматтың іс-құжаттары қабылданып, ҚР азаматтығын алды. Облыс көлемінде барлығы 21 мың азаматтың жеке басын растайтын құжаттары рәсімделіп, табысталды,- деді Сағындық Убайдуллаұлы.
Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
13 сәуір 2025 ж. 55 0