Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған рухани-танымдық кездесулер өтті

Арал ауданында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған рухани-танымдық кездесулер өтті

2025 жылғы 19-21 сәуір күндері аралығында Арал ауданында маңызды рухани-танымдық іс-шаралар өтті. Бұл кездесулер Арал аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында “Асыл мұра-Орда” қоғамдық қорының ұйымдастыруымен жүзеге асырылды.
Аталмыш іс-шаралар барысында елімізге танымал Республикалық ақпараттық-насихаттық топ (РАНТ) мүшесі Ғазиз Нұртайұлы Ахметов Арал ауданына қарасты бірнеше елді мекендерде жергілікті тұрғындармен мазмұнды кездесулер өткізіп, дін тақырыбында терең әрі танымдық әңгімелер өрбітті.
"Арал аудандық орталық" мешітінде “Имамдардың білімін жетілдіру” атты арнайы курс ұйымдастырылды. Бұл курсқа ауданға қарасты ауыл имамдары мен молдалар қатысты. Шараның ашылуына Арал ауданының бас имамы Қайырхан Қабылғазиев қатысып, ізгі тілегін білдірді. Курста "Арал аудандық орталық" мешітінің наиб имамы Бекжан Ильясов пен ұстаз Айболат Төлегенов Құран, фиқһ, тәпсір және ақида пәндерінен дәріс жүргізді.
Сонымен қатар, Ғазиз Ахметов Арал қаласындағы "Арал аудандық орталық" мешітінде және Сексеуіл кентіндегі "Тілеуқұл ишан" мешітінде құптан намазы кезінде “Шыншылдық” тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, жамағатпен рухани сұхбаттар құрды.
Іс-шаралар легі бұнымен шектелмей, Арал аудандық төтенше жағдайлар бөлімі ұжымы, сондай-ақ аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөліміне қарасты спортшылар мен жаттықтырушылармен кездесулер өткізумен жалғасын тапты. Бұл кездесулерде дін мен спорт, жастар тәрбиесі және рухани құндылықтар төңірегінде келелі әңгімелер қозғалды.
Аталған іс-шаралар аудан тұрғындарының діни сауатын арттырып, ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауда маңызды рөл атқарды.
21 сәуір 2025 ж. 95 0