АРАЛ АУДАНЫНА ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Бұдан кейін, мейрамханада берілген асқа аудан әкімінің орынбасары, мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қауымы, кәсіпкерлер, ақсақалдар мен мешіт жанашырлары қатысып, жаңа имамға өз тараптарынан қолдау көрсететіндіктерін жеткізіп, облыс көлемінде атқарылып жатқан бастамалары үшін Өкіл имамға алғыстарын білдірді.
Сапар соңында, Арал аудандық орталық мешітте Өкіл имам «Сүннетпен амал етудің маңыздылығы» тақырыбында уағыз айтып, барша жамағаттың алдында Арал аудандық орталық мешітінде бас имамдық қызметін абыроймен атқарған С.Евилханға алғыс білдіріп, аймақтың жаңа имамын таныстырды.
Кабылгазиев Кайрхан Табысович – Қызылорда облысы, Арал қаласында 04.12.1990 жылы дүниеге келген.
Білімі: Жоғары
- 2010 – 2013 жж. Ақтөбе обл. «Ақтөбе» медресе колледжінде білім алған;
- 2013 - 2016 жж. Алматы қ. «Нұр – Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша бакалавры.
- 2017 ж. Алматы қ. Нұр – Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласында мамандарды қайта даярлау институтын» тәмамдаған.
- 2016 ж бастап 2018 ж. шілде айы аралығында «Арал аудандық орталық» мешітінің найб имамдық қызметін атқарған.
muftyat.kz