Аймақ басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергеновті Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Ардагерге Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау хатын табыстап, «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл» мерекелік медалін тақты. Иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады. Бүгінде 101 жасқа толған қарт майдангер 1942 жылы Қызыл әскер қатарына қосылған. Беларусьті, Польшаны, Чехословакияны, Кёнигсбергті азат етуге қатысқан. Ұлы Жеңісті Берлинде қарсы алып, елге 1947 жылы оралған. Теміржол саласында зейнетке шыққанға дейін еңбек еткен.І дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін», Жеңістің мерекелік және Г. Жуковтың естелік медальдарымен марапатталған.
Аймақ басшысы Ұлы Отан соғысының ардагері Тілеуберген Тобабергеновті Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады

Бүгінде Қазалы және Сырдария аудандарында 2 ҰОС ардагері тұрады. Қарт майдангерлерге лайықты құрмет көрсетілді. Тыл еңбеккерлері, ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер мен мүгедектерінің төлемі 40 АЕК-тен 50 АЕК-ке ұлғайтылды.Келешек ұрпақтың бейбіт өмірі үшін күрескен жандарды ұлықтау шаралары одан әрі жалғаса бермек.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі