Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыстық ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Облыстық ҚХА кеңесінің отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz Бүгін Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюповтың төрағалығымен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті.

Кеңес жұмысына облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында өңірдегі этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық Ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы міндеттер айтылып, ұсыныс-пікірлер тыңдалды.

Күн тәртібінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі екі орынбасарын сайлау мәселесі қарастырылды. Осы қызметті бүгінгі күнге дейін абыройлы атқарып жүрген түрік этномәдени бірлестігінің белсендісі Дильфура Байрахтарова қайта сайланды. Сонымен бірге, көпшіліктің қолдауымен облыстық шешен этномәдени бірлестігінің ардагері Хусайн Домбаевтың кандидатурасы ұсынылды.

Сөз соңында «Жуырда Қызылорда облысының әкімі, облыстық ҚХА төрағасы Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өңірлік Ассамблеяның XXVII сессиясы «БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ» күн тәртібімен өтеді. Қазіргі таңда сессияға дайындық жұмыстары жүргізіліп, тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді. Сессияда мемлекет басшысының хаттамалық тапсырмалары талқыланатын болады. Баршаңызды осы жұмыстарды бірлесіп атқаруға және қолдау көрсетуге шақырамын», - деді басқарма басшысы Руслан Мұхамедәліұлы.
08 шілде 2025 ж. 68 0